Бакыт таны Токтар Сериков, Бейбит Сейдуалиева
Рейтинг: 0
Исполнитель: Токтар Сериков, Бейбит Сейдуалиева
Название песни: Бакыт таны
Длина файла: 04:14
Дата добавления: 2015-05-18
Текст просмотрен: 614
с. С.Қалиев
ә. А.Дүйсенов
Көзеріңнен күліп күн, отын үрлеп үміттің
Елістесің жанымды, назы балдай қылықтым
Пәк сезімдер гүл ашты, көңіліме нұр шашты
Қалай ғана сол сезім, махаббатқа ұласты
Бақыт күткен ақ таңдарым
Тәтті арманым, тапқан бағым
Қарсы алайық бақыт таңын бірге жаным, ғашығым
Арайлы таң нұр сыйлайсын
Гүл сыйлайсын, жыр сыйлайсын
Жарық шашқан жұлдызымсың құндызымсың, асылым
Ештеңе жоқ таңданар, саған әнім арналар
Сүйген журек алдында, шарасызбыз бар ма амал
Жүрек от боп жанса да, аңыз болған баршаға
Ғашықтар көп өмірде, қосылмаған қаншама
Бақыт күткен ақ таңдарым
Тәтті арманым, тапқан бағым
Қарсы алайық бақыт таңын бірге жаным, ғашығым
Арайлы таң нұр сыйлайсын
Гүл сыйлайсын, жыр сыйлайсын
Жарық шашқан жұлдызымсың құндызымсың, асылым
Таңғы шықтай тұнығым, сездің бе, жан жылуын
Жүрегіңе жол салар, махаббаттың жыры мың
Баурап алдың жанымды, бағалай біл, бағыңды
Өшіре алмас ешкім де, біздегі ыстық жалынды
Бақыт күткен ақ таңдарым
Тәтті арманым, тапқан бағым
Қарсы алайық бақыт таңын бірге жаным, ғашығым
Арайлы таң нұр сыйлайсын
Гүл сыйлайсын, жыр сыйлайсын
Жарық шашқан жұлдызымсың құндызымсың, асылым
Жарық шашқан жұлдызымсың құндызымсың, асылым
- Токтар Сериков - Достарым
- Токтар Серик & Бейбит Сейдуалиева - Гашыктар Сыры
- Айжан Нурмагамбетова - Бакыт деген...
- Токтар Сериков - Коршiнiн кызы
- Биржан Кумашев & Токтар Сериков - Асыл ана
- Unknown artist - Мукагали Макатаев суйу деген бакыт
- Бейбит Корган - Шок Кыздар(ckckum enq bolors....)
- Бейбит Сейдуалиева - Ана журеги
- Бейбит Сейдуалиева - Айналдым
- Токтар Сериков - Ерке кыз