Men sagan BaGi

мен саган лайыкты емеспин минус а также видео мен саган лайыкты емеспин минус

Рейтинг: 0

Исполнитель: BaGi

Название песни: Men sagan

Длина файла: 04:36

Дата добавления: 2016-11-19

Текст просмотрен: 681

Скачать

 
Другие песни BaGi
Текст:

Құбылмалы ауа райы бұзады көңіл күйді,
Қолға қалам алсам көңілім жиі толқиды.
Қайдағы жоқ сәттер түсіп кетеді есіме,
Тыныштық бермей маған кіріп жүрсің түсіме.
Бұл – сағыныш емес, басқаша ойлап жүрме,
Жүрек айықты жарасынан, енді оған тиме.
Тиме маған, араласпа жеке өміріме,
Онсызда кірлеткенсің дақ түсіріп көңіліме.
Мен саған лайықты емеспін, әлде керісінше ме?
Артық сөз керек емес, болды, тоқтат, үндеме.
Ештеңе өзгермейді екеуміздің арамызда,
Жігіт көп мен сияқты біздің Шым қаламызда.
Сенің қолыңнан келмейтін, келмейтін нәрсе жоқ қой,
Қалтасы терең айналада жігіт көп қой.
Сенің байлыққа деген махаббатың шексіз,
Керемет өтіп жатқан шығар өмірің менсіз.

Қ-сы: (x2)
Мен саған лайықты емеспін,
Мен жоқпын енді, елеспін.
Ұмыт мені, қайта айналып келмеспін,
Жүрегімді саған бермеспін.

Бір сұранарым – үйге телефон соғуды тоқтатшы,
Сөйлесең мейлі ғой, үндемей тұрмай тіл қатшы.
Енді не айтасың, не айтарың бар маған,
Есігі жабық қой жүректің мәңгі саған.
Екеумізді таныстырғанда таныспау керек еді,
Сонда мұндай жағдай арамызда болмас па еді?
Менің жүрегім жараланып қанға толмас еді,
Көктемде ерте шыққан гүлдей ерте солмас па еді?
Тағы да айтамын, мен саған лайықты емеспін,
Басымнан бір өткізген сезімді енді сезбеспін.
Сезбеспін сенің маған кеш оянған сезіміңді,
Мен тексергендей кезінде тексеріп көр төзіміңді.
Қалай екен сенің сезіміңді елемесем,
Сен лайықты сезімге, махаббатқа бөлемесем.
Ендеше біліп жүр, сені сүйгенді сүй,
Мен сені ұмытқанмын, таныс па бұл күй?

Фильмы
BaGi - Мен саған лайықты емеспін.mp4
Комментарии (0)
Добавить коментарий



Код безопасности:

Войти
Что прочитать
Песни
Исполнители